Тіркеусіз жүрген 150-ге жуық жүргізуші облыстық әкімдік алдына барып, наразылықтарын білдірді. Олар "шетелден көлік кіргізер кезінде рұқсат берген екенсіңдер, енді жайымызға қалдырыңдар!" деген талап қоюда.
Павлодар облысының аумағында Ресей Федерациясының тіркеу есебінен шығарылған үш мыңнан аса көлік жүр. Полиция мұндай мәліметті сақтандыру компанияларынан алған. Кешеден бері оларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Керекулік тәртіп сақшылары "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы барысында екі күннің ішінде 32 темір тұлпарды айып тұрағына қойды. Олардың 23-нің ешқайда тіркеуде жоқ екені анықталды. Яғни көрші елдің есебінен шығарылған. Тіркеусіз көлік иелерінен айыппұл өндіріп алу жағы да қиын.
Шетелдік көліктерге утилизациялық алымды арзандату түйткілі көп кешкіпей Парламентте қозғалуы мүмкін. Атамекен бизнес журналисінің сұрағына мәжілісмен Азат Перуашев "бұл мәселені көтеру керек" деп жауап берді. Ресейде есепте тұрған темір тұлпар иелері дәл осы алымның қымбаттығынан көліктерін Қазақстанда тіркей алмай жатқандарына шағынған еді. Кей жағдайда утилизацияға төленетін қаражат көліктің бағасынан да асып түседі дейді жүргізушілер.
Бірақ мәжілісмен ресейлік нөмір таққан автомобильдердің еш базаға енгізілмей, біздің жолдармен емін-еркін жүруіне қарсы. Өйткені жол апаты бола қалған жағдайда, оларды табу мүмкін емес. Ал қараша халықтың көрші елден көлік айдауын қысқарту үшін депутат мынадай шешім ұсынады.