Ресей олигархтары яхталарын жасыратын жер іздеп әлек

1169

Батыс елдері санкция салған ресейлік олигархтардың яхталарын тұтқындаудан жасыратын айлақтар қалмай барады.

Ресей олигархтары яхталарын жасыратын жер іздеп әлек

Bloomberg мысал ретінде АҚШ ресейлік миллиардер Сүлейман Керімовке тиесілі 325 миллион долларлық Amadea мегаяхтасын келтіріп отыр. Әлем орыстардың қымбат мүлкін тұтқындай бастағанда, Amadea Фиджиге жүзіп кеткен. Бірақ бұл да көмектеспеді. Себебі АҚШ жергілікті билікке өтініш жіберіп, артынша яхта қамауға алынды.

Осылайша, құны 2,25 миллиард доллардан асатын 12 яхтаны АҚШ, ЕО елдері және өзге одақтастар қамауға алған.

Сондай ақ соғыс басталғаннан бері Италия билігі ресейліктердің 1,7 миллиард еуроға жуық мүлкін тұтқындаған. Бұл Италия Қаржы гвардиясы тұтқындаған барлық жылжымайтын мүліктің, автокөліктердің, яхталардың, ұшақтардың және басқа да активтердің жалпы құны.

Барлық активтер Ресей Федерациясының азаматтарына немесе санкцияға ұшыраған ресейлік компанияларға тиесілі.

Айбек Қосан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу