Ресей ОПЕК+ келісіміне қатысады

644

Солтүстіктегі көршіміз жалпы өндірісті тәулігіне 10 млн баррельге азайтпақ. 

Ресей ОПЕК+ келісіміне қатысады

Ресей де ОПЕК+ келісіміне қатысатынын ресми растады. Елдің энергетика министрлігінің ресми өкілі алайда өндіріс көлемі нақты қаншаға дейін төмендейтінін айтпады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бірақ бірқатар басылым келісімге тәулігіне 70 млн баррель мұнай шығаратын елдер қатысуға дайын деп жазған. Бұл қатарда  Ресейден басқа АҚШ, Бразилия, Норвегия, Канада, Мексикамен қатар басқа да елдер бар.

Солтүстіктегі көршіміз жалпы өндірісті тәулігіне 10 млн баррельге азайтпақ. Демек Ресей бүгінде күніне 11,3 млн баррель мұнай шығарса, ОПЕК+ мәмілесінен кейін өндірісті 14%-ға азайтады, яғни 1,6 млн баррельге.

Бұған дейін ресми Мәскеу өндіріс көлемін азайтудан бас тартып, Сауд Арабиясымен келіспеушіліктер туындаған еді. Салдарынан мұнай бағасы күрт төмендеді.

Бүгін мұнай нарығы үшін шешуші күн. Ресей мен Сауд Арабиясы біздің уақыт бойынша кешкі сағат сегізде бейне конференция өткізіп, өндіріс көлемін шектеуге қатысты шешім қабылдауға тиіс.

АҚШ та өндірісінің қарқынын азайтты. Нәтижесінде америкалық шикізаттың фьючерсі 2,7 пайызға өсім көрсетіп, баррелі 25 доллардан асты. Осыған қатысты журналистердің сауалына жауап берген Трамп бағаның  аз да болса көтерілгеніне риза болғанын, сөз арасында ОПЕК-ті жек көретінін де айтып үлгерді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу