Ресей Орталық банкі мұнай бағасының құбылуына Қазақстанды кінәлап отыр

729

Ресей Орталық банкі мұнай бағасының құбылуына Қазақстанды кінәлап отыр

Ресейдің Орталық банкі мұнай бағасының құбылуына Қазақстанды кінәлады, деп хабарлайды КТК.

Ақпарат көзінің дерегінше, ресми Астана қара алтында өндіруге қатысты ОПЕК плюстің шарттарын орындамай отыр депті көрші елдің банкирлері. Талапқа бақынбай жатқандардың қатарында АҚШ пен Әзербайжан да бар екен.
Ресейдің орталық банкі бұл елдер жазда қабылданған келісімді бұзып, мұнайды мөлшерден тыс өнілдіріп жатқандықтан қара алтынның бағасын қалыпты ұстап тұру мүмкін болмай жатыр дейді. Көрші ел мамандары  жағдай дәл осылай жалғаса берсе, рубльдің құны одан әрі құлдырай түседі деп болжаған.

Айта кету керек, ОПЕК плюс, яғни, Опекке кірмейтін мемлекеттер мұнай өндіру мөлшерін 558 мың баррельге дейін төмендетін болып келіскен. Бұның 300 мың баррелі Ресейге тиесілі. Талап орындалмаған жағдайда көрші ел қара алтынды өндіруін тағы да қысқартады. 

Ресей Орталық банкінің айыптауына, Қазақстан тарапы дереу жауап қайырды. Энергетика министрі Бозымбаев "ОПЕК плюстің талаптарын толық орындап отырмыз және оны бұзу ойымызда жоқ" депті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу