Ресей өз аумағы арқылы АҚШ-тан Қазақстанға құс өнімдерін тасымалдауға рұқсат берді

932

Ресей өз аумағы арқылы АҚШ-тан Қазақстанға құс өнімдерін тасымалдауға рұқсат берді

Ресейдің ауылшаруашылық бақылау қызметі Ресей Федерациясының аумағы арқылы белгіленген шартпен АҚШ-тан Қазақстанға құс, құс өнімдері мен жұмыртқа транзиттеуге рұқсат берді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Ведомствоның материалдарында айтылғандай, тауар тек теміржол арқылы тасымалдануы керек. Сонымен қатар Ресейдің ауылшаруашылық бақылау қызметінің "Меркурий. Уведомления" электронды жүйесін қолдану арқылы ғана жүзеге асуға тиіс.
"Бұл шаралар тасымалдауды қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталған", -  дейді Ресейдің бақылау қызметінен.
АҚШ-тан Қазақстанға құс етінің транзитіне 2015 жылдың 10 маусымынан бастап тыйым салынған болатын.

Бақылау қызметінің мәліметінше, кезінде бұл тыйым транзитпен тасымалданатын америкалық өнімдердің бір бөлігінің ресейлік нарыққа қайта оралуымен байланысты салынған екен. Ал енді "Меркурий. Уведомления" жүйесіне бекітуден кейін бұған орын берілмейтін болады.
Рұқсат 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бастап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу