Ресей өзінің смартфондарын шығармақ

566

Ресейлік электроника өндірушісі әрі дистрибьюторы ретінде танымал F+ tech компаниясы Аврора ОЖ-де смартфон мен планшетті жасап шығарды. 

Ресей өзінің смартфондарын шығармақ Фото: ixbt.com

Сонымен қатар, гаджеттерді құрастыру зауыттары Азия елдерінде емес, Ресейдің ең батыс аймағында — Калининград облысында болады, деп жазады inbusiness.kz "Коммерсант" ақпаратына сілтеме жасап.

Сол өндірісте техникаға операциялық жүйе орнатылады. Бірақ "Бизнес жаңалықтар агенттігінің" сарапшылары мұндай жобаның алдағы мәселелері туралы жазып жатыр — "бұрын жүйені оның әзірлеушісі Ростелекомның еншілес құрылымы тасымалдаған, бірақ ресурстардың шектеулі болуына байланысты өндірушілер ОЖ-нің бейімделуін алты айға дейін күтті".

Жаңа жүйе техниканың сапасын қаншалықты жақсартатынын уақыт көрсетеді. Осы уақытқа дейін Ресейде "Аврора" жүйесімен істейтін гаджеттерге сұраныс өте төмен болды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Life Tab Plus планшеті мен R570 смартфонының модельдерін құрастыру жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу