Ресей полицейіне пара берген қазақстандық 2 млн теңге айыппұл төлейді

689

Нижний Новгород маңында қазақстандық жүргізуші мас күйінде ұсталған.  

Ресей полицейіне пара берген қазақстандық 2 млн теңге айыппұл төлейді

Дзержинск қаласының соты жол полициясы инспекторына пара беруге тырысқан Қазақстан азаматына 300 мың рубль (1 рубль 5,88 теңге) айыппұл салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Патрульдік полиция қызметкері көлікті тоқтатқанда, жүргізуші мас болған. Істі жылы жабу үшін, хаттаманы ресімдеу кезінде, ер адам оған 22 мың рубльге жуық соманы доллармен берген. Жол полициясы инспекторы парадан бас тартып қана қоймай, жағдайды кезекші бөлімге хабарлады. Нәтижесінде, жүргізуші заңсыз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл арқалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу