Ресей порттары арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау тоқтаған жоқ

193

Энергетика министрлігі қазақстандық мұнайдың Ресей теңіз порттары арқылы экспорты тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарды.    

Ресей порттары арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау тоқтаған жоқ Фото: expertsouth.ru

Бұл туралы ведомствоның ресми хабарламасында айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайды Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы тиеу жалғасып жатыр", – деп атап өтті энергетика министрлігінде.

Бұған дейін Reuters агенттігі Ресейдің жаңа ережесіне байланысты Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы тасымалдау уақытша тоқтағанын хабарлаған. Атап айтқанда, шетелдік танкерлердің ресейлік порттарға кіру үшін енді Федералдық қауіпсіздік қызметінен арнайы рұқсат алуы қажет.

Алайда, министрліктің ресми ұстанымына сәйкес, мұнай жеткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу