Ресей президенті допингке қатысты пікір білдірді

1234

Бүгін РФ президенті Владимир Путин журналисттерге арналған баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.  

 Ресей президенті допингке қатысты пікір білдірді

Владимир Путиннің айтуынша, енгізілген санкциялар әділетсіз және Олимпиада хартиясына қайшы келеді, деп хабарлайды rg.ru.

"Бұл шешім әділетсіз ғана емес, сонымен бірге заңдар мен ережелерге қайшы келеді. Осындай шешім соңғы Олимпиада ойындарында қабылданған болатын. Енді – екінші рет бізді шеттетіп отыр. Бұл әділетсіздік адамзат тарихындағы кез-келген құқықтық жүйеде болған емес", – деді ол.

Путин барлық атлетшілерді бірден жазалауға болмайтынын баса айтты.

"Жазаны жаппай емес, жекелей беру керек. Тексеріс барысында ұсталса, тек сол спортшы жазалануы керек. Бізде көптеген доппинг пайдаланбаған, таза спортышылар бар, оларды неге жазалайды?  Сонымен қатар, бұл шешім Олимпиада хартиясына қайшы келеді. Біз RUSADA-ны WADA-мен тығыз ынтымақтастықта құрдық. Шешімнің саяси мәні бар. Егер қазір WADA тарапынан біздің командаға шағымдар болмаса, онда ол өз туының астында бәсекелес болуы керек", – деді президент

"Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын қыздарымыз өте жас, олардың допингке қандай қатысы бар? Олар төрт айналыммен секіреді, әйелдер мәнерлеп сырғанауында мұны ешкім жасай алмайды. Оларды осылайша мұздан "тазартуға" болады,  бірақ бұл кімге керек? Бұл әлемдік спорттың дамуына пайда әкеледі ме?", – деді Путин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу