Ресей Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

823

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Еласының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Ресей Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және көпжоспарлы мемлекеттік қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Владимир Путин Қазақстанның қол жеткізген толағай табыстары Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

\Ресей басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Ресей бауырлас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы аясындағы интеграциялық процестерді тереңдетуге және кеңейтуге зор үлес қосуды жалғастырып келе жатқанын айтты.

Елбасы Владимир Путинге жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, тату көршілік және өзара сенімге негізделген Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы халықаралық қатынастардың жарқын үлгісі екеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу