"Ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану, достықты нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ресей Федерациясының президенті атынан Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Құрмет грамотасымен марапатталды, - деп жазылған Байқоңыр қаласы әкімшілігі таратқан хабарламада.
Ресей әкімшілігі облыс әкімінің марапатына байланысты құттықтау жариялады.
"Байқоңыр қаласының тұрғындары қамқорлығыңызды үнемі сезінеді, сіздің тікелей араласуыңызбен Байқоңырда көптеген жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр. Қала тұрғындары ғарыш саласындағы екіжақты бірлескен жобаларды іске асыру және Байқоңыр қаласын дамытуда бұл жоғары награданы сіздердің еңбектеріңізге берілген баға ретінде қабылдайды", - деп жазылған хабарламада.