Ресей президенті Иранды қолдайтынын айтты

101

Санкт-Петербург қаласында Владимир Путин Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен кездесті.  

Ресей президенті Иранды қолдайтынын айтты Фото: armenpress.am

Былтыр екі ел арасында 20 жылға арналған ұзақ мерзімді келісім жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

В.Путин кездесу барысында: "Иран халқы бұл қиын кезеңнен өтеді. Өңірде бейбітшілік орнайды", – деп сенім білдірді.

Сонымен қатар Ресей Таяу Шығыста делдал болуға дайын екендігін де айтты.

Бұған дейін Мәскеудегі билік шиеленісті ушықтырмау үшін Иранның байытылған уранын алып кетуді ұсынған. Алайда АҚШ бұл ұсынысты қолдамаған. Путин Иран басшылығымен стратегиялық серіктестік жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Ресей Ирандағы атом электр станциясының жаңа блоктарын салып жатыр. Иран тарапы да қалыптасқан байланыстарды жалғастыруға ниетті. Кремль АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің қайта жанданғанын, Таяу Шығыстағы шиеленістің тоқтағанын қалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу