Ресей Президенті Каспий маңы елдерін туризмді дамытуға шақырды

853

Каспийді тек бейбіт мақсаттарда пайдалануға кепілдік берілген

Ресей Президенті Каспий маңы елдерін туризмді дамытуға шақырды

Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінде Ресей президенті Владимир Путин теңіздің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Консенсус пен мүдделерді өзара ескере отырып, заманауи әрі теңдестірілген халықаралық құжат, яғни конвенция әзірленді. Конвенция қажетті жіктеу шараларын, кеменің жүзуі мен балық аулау режимдерін айқын регламенттейді, қатысушы елдердің әскери-саяси өзара іс-қимылының ұстанымдарын белгілейді. Сонымен қатар, Каспийді тек бейбіт мақсаттарда пайдалануға кепілдік берілген", – деді Ресей Федерациясының басшысы. 

Бұдан бөлек ол Каспий маңы елдерімен Ресейдің сауда көлемі артып келе жатқанын, 2017 жылы сыртқы сауда айналымы 22 пайызға өскенін, ал биылғы қаңтар-мамырда тағы да 10 пайызға ұлғайғанын тілге тиек етті.  

Сондай-ақ Ресей басшысы цифрлық экономикаға, туризмді дамытуға назар аударуға шақырды. 

"Бізде круиздік кемелер салынуда, олар Каспий теңізі жағалауындағы барлық елдерге сапарлай алады. Менің ойымша, бұл бағыттағы шаралар біздің халықтарды жақындата алады", – деді Владимир Путин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу