Ресей президенті ШЫҰ елдерін қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруға шақырды

724

Ресей президенті ШЫҰ елдерін қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруға шақырды

РФ президенті Владимир Путин ШЫҰ мүшелерінің отырысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамын кеңейткен соң саяси және экономикалық, гуманитарлық салада беделді әрі қуатты бола түсетінін айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Бүгін Шанхай ынтымақтастық  ұйымы жаңа мүшелермен толығып жатыр. Аталмыш елдерді қабылдау шешімі Ресейдің  ШЫҰ-ға  төрағалық еткен 2015 жылы  Уфада өткен  саммитте қабылданған болатын. Екі жылдан аз уақыт ішінде Үндістан мен Пәкістан  барлық талаптарды орындады, қажетті үрдістерді жүзеге асырды. Енді біздің мақсатымыз жаңа серіктестерге көпжоспарлы жұмыс істеуге  жәрдемдесу", - деді Владимир Путин.

Сонымен қатар Ресей президенті есірткі тасымалдаудың, өндірудің өршіп тұрғанын, ұйымға мүше елдер осы қылмысқа қарсы бірігіп іс-қимыл жасау керектігін тілге тиек етті.

"Ауғандық есірткіні өндіру және шығару көлемдерінің ұлғаюы жалғасып жатқандықтан, ШЫҰ-ның тиісті халықаралық ұйымдардың бейінді құрылымдарымен өзара іс-қимылын арттыру қажет. Өңірде есірткіге қарсы қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруға барлығымыз мүдделіміз. Экономикалық аспектілерге келетін болсақ, ШЫҰ-ның барлық кеңістігінде ұлттық стратегиялар мен көпжақты жобаларды үйлестіруде күш біріктіру керек деп ойлаймын. Оның мақсаты – Қытайлық "Бір белдеу – бір жол" бастамасы, ЕАЭО, ШЫҰ, Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының әлеуеттерін біріктіру", - деп қорытындылады Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу