Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді, деп жазады inbusiness.kz.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған.
Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады деп жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу