Ресей Президенті Владимир Путин көңіл айтты

1763

Владимир Путин ресейліктердің зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.

Ресей Президенті Владимир Путин көңіл айтты

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыда болған ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз мәслихаты жариялады.

"Ресейліктер апат кесірінен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілейді", – делінген Ресей мемлекетінің басшысы жолдаған жеделхатта.

Айта кетсек, Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтағы 93 жолаушының ішінде шетел азаматтары да болған. ІІМ ұшақ бортында 2 – Украина, 1 – Қырғызстан, 1 Қытай азаматы болғанын мәлімдеді.

"Жалпы кеме бортында  5 – экипаж мүшесі, 93 жолаушы болған. Жолаушылардың қатарында шетел азаматтары бар. 2 – Украина ( Сон Юрий, Сон Яна),  1 – Қырғызстан (Клыков Маг) , 1 –Қытай азаматы (Нурлан Маулина). Қалғандары қазақстандықтар. Құтқару жұмыстары жалғасуда",– деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу