Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға барды

221

Путин ол елге 2000 жылдан кейін екінші рет барып отыр. 

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға барды Фото: Риа Новости

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға ресми сапармен барды. Оны ұшақтан шыға берісте ел басшысы Ким Чен Ын күтіп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Корея – Ресейдің Украинаға басып кіруін тікелей қолдайтын және Қырымның аннексиялануын мойындайтын әлемдегі бірнеше елдердің бірі. Путин оған 2000 жылдан кейін екінші рет барып отыр.

Сапар алдында Путиннің Украинаға басып кіруді қолдағаны үшін КХДР-ға алғыс білдірген мақаласы жарияланды. Солтүстік Корея Ресей армиясын артиллериялық снарядтармен және зымыран кешенімен қамтамасыз етеді.

Мәскеу бұған жауап ретінде Пхеньянға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларымен тыйым салынған зымыран бағдарламасына көмектесіп жатыр деген болжам бар.

Бұған қоса, Мәскеудің кезінде өзі дауыс берген Қауіпсіздік кеңесінің басқа да санкцияларын бұзып жатқаны хабарланған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қыркүйекте Мәскеудің санкциялардан бас тартуға ниетті екенін, өйткені олар "мүлдем басқа геосаяси жағдайда" қабылданғанын айтты. Бұл ұстаным Ресейді Қауіпсіздік кеңесінің талаптарын орындаудан босатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу