Ресей президентінің сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына белгіленді

581

Осыған сәйкес, Федерация Кеңесі тиісті қаулы қабылдады. 

Ресей президентінің сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына белгіленді Фото: freepik

Федерация Кеңесі Ресей Федерациясы президентінің сайлауын 2024 жылдың 17 наурызына белгіледі. Тиісті қаулыны палата бейсенбі күнгі отырысында растады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресей Федерациясындағы президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына белгіленсін. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент сайлауын тағайындау туралы қаулыда.

Федерация Кеңесі Конституциялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Полетаевтың хабарламасы бойынша, Ресей Федерациясы Конституциясының 102-бабына сәйкес, елдегі президент сайлауын тағайындау Федерация Кеңесінің айрықша өкілеттігі болып табылады.

"Қаулы күшіне енген сәттен, яғни ресми жарияланған күннен бастап, іс жүзінде "сайлау науқанының басталуы" беріледі", - деп атап өтті Полетаев.

Сенатордың айтуы бойынша, президенттік сайлауда көп күндік дауыс беруді өткізу туралы шешімді Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы қабылдайды.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беру туралы қаулы жобасын қарастырады.

Сондай-ақ, Полетаев сайлау күні мереке жарияланбайтынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу