Ресей Протон-М апатынан табиғатқа келген залал үшін өтемақы төлемейтін болды

1129

Еліміздің энергетика министрлігінің есебінше, қоршаған ортаға келген зиян көлемі 13 млрд 690 млн теңгені құраған.

Ресей Протон-М апатынан табиғатқа келген залал үшін өтемақы төлемейтін болды

2013 жылы Протон-М апатынан табиғатқа келген залал үшін Ресей өтемақы төлемейтін болды. Бұл туралы Роскосмос компаниясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше бұл мәселе екіжақты келіссөздер барысында талқыланып, қос тарап өзара келісімге келген.

Еліміздің энергетика министрлігінің есебінше қоршаған ортаға келген зиян көлемі 13 млрд 690 млн теңгені құраған.

Еске сала кетсек 5 жылдай бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан зымыран көкке көтеріле салысымен құлаған еді. Ал оның бортында 600 тонна гептил, амил және керосин болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу