Ресей Qazaq Air авиакомпаниясына Қазақстанның Астана және Өскемен қалаларынан Новосібірге рейстерді орындауға рұқсат бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz, әуе тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ресей Федерациясының авиациялық билігі халықаралық тұрақты рейстерді орындауға рұқсат бермеуіне байланысты Астана-Новосибирск, Өскемен – Новосибирск бағыттары бойынша рейстердің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды", - делінген жексенбіде Qazaq Air таратқан ақпаратта.
Әуекомпания жолаушыларға билет құны толық қайтарылатынын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу