Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады

1035

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады

Ресей әскерилері Қарағанды облысының Сарышаған полигонында зымыраннан қорғаныс жүйесін кезекті рет сынап, зымыран ұшырды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты "Красная звезда" басылымына сілтемемен Abai.kz хабарлайды.

Сынақ зымыраннан қорғаныс жүйеcін модернизациялау бағдарламасы аясында жасалды.

Ресей әуе-ғарыштық күштері әуе шабуылынан және зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько сынақтан соң "жаңартылған зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсіргенін" айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді, бірақ жаңартылған зымыраннан қорғаныс жүйесінің тактикалық және техникалық мүмкіндіктері "қолданыстағы қарудан әлдеқайда асып түсетіні" айтылады. Басылым Сарышағанда сыналған зымыраннан қорғаныс жүйесі Мәскеу түбіндегі Софрино полигонында орналастыру жоспарланып отырғанын жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу