Ресей Федерациясы "Северный поток" газ құбырын тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Газ құбыры тек 10 күнге, яғни 21 шілдеге дейін тоқтатылады.Бірақ Еуропалық Одақ Мәскеу бұл жолы газ құбырын жұмысын мәңгіге шектеуі мүмкін деп күдіктеніп отыр.
"Жағдай өте күрделі және дағдарыс әлі де күшейе түсуі мүмкін. Ресей газ жеткізуді қысқартуын жалғастыра беруі мүмкін", – деді Еуропалық комиссар Кадри Симсон.
Үш жыл бұрын "Газпром" Еуропаға күніне 500 миллион текше метрге дейін жеткізген болатын. Осы жылдың мамыр айында тәулігіне бар болғаны 250 млн тек метр тасымалданды. Алдағы 10 күнде Еуропаға тек 75 миллион текше метр жеткізілмек.
9 шілдеде Канаданың Сыртқы істер министрі Мелани Жоли Ресей Федерациясына қарсы санкциялар бойынша жеңілдік жасайтынын, Германияға "Солтүстік ағын" газ құбырына қызмет көрсету үшін қажетті турбиналарды қайтаратынын мәлім еткен еді.
Табиғат Нұрболат