Ресей шабуылының жаңа толқыны: 120-дан астам зымыран атылды

491

Украина тағы да жаппай ресейлік шабуылға ұшырады. Көптеген аймақтарда әуе дабылы жарияланды. 

Ресей шабуылының жаңа толқыны: 120-дан астам зымыран атылды Фото: cdn.informator.ua

Жарылыстар Киев, Харьков, Львов, Полтава мен Сумск облыстарында хабарланды. Украина билігі зымырандардың бір бөлігін Әуе қорғанысы жүйелері ұстағанын жеткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Одесса мен Днепропетровск облыстарында жарық шұғыл түрде толығымен сөндірілді. Басқа аймақтарда электр қуатының үзілуі туралы ескертілді. Тұрғындардан үйден шықпауға кеңес беріледі.

Президенттің кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, Ресей Украина аумағына барлығы 120-дан астам зымыран атқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу