Ресей шекарашылары Қазақстан пойыздарын тексермейді

615

Ресей шекарашылары Қазақстан пойыздарын тексермейді

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Енді құжат сенаттың қарауына жіберіледі.

"Хаттамамен тараптардың басқаруына берілген теміржол учаскелері бойынша мемлекеттік шекара арқылы жолаушылар және жүк пойыздарының тоқтаусыз өту тәртібі қарастырылады. Бұл нормалар жолаушыларды жеткізу мерзімін бір бағытта 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді", – дейді инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы жөнінде баяндама жасау барысында.

Министрдің айтуынша, бұдан басқа, хаттамамен өзге елдің аумағында орналасқан бір елдің теміржол учаскесінде жүк операцияларын жүргізу үшін стансаларды ашу және жабу тәртібі регламенттеледі. Хаттамамен шекаралық аймақтардағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесі қарастырылған. Соның ішінде жергілікті атқарушы органға конкурсты ұйымдастыру, тасымалдаушының шығынын субсидиялау ережелерін әзірлеу құзыреті беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу