Ресей шекарасын аша бастады

682

Шет елге тек жұмыс бабымен, оқуға немесе емделуге шығуға рұқсат етілді.  

 Ресей шекарасын аша бастады

Бұл туралы елдің премьер-министрі Михаил Мишустин мәлім етті. Ол коронавирус індетімен күрес кеңесінің жиынында осындай шешім қабылдады. Оның айтуынша, шетелдіктер де Ресейге ем қабылдау үшін келе алады. Премьер қол қойған құжат өз күшіне енді. Тағы бір ескере кететін жайт, басқа елдерде науқас туыстары барлар да оларды бағу үшін бара алады.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялағаннан кейін, Ресей Федерациясы шекарасын толықтай жауып тастаған еді. Осы күнге дейін бұл  елде вирус жұқтырудың 476 мың жағдайы тіркелген. Оның 230 мыңы ем-дом қабылдап жазылса, 6 мыңға жуығы дерттен көз жұмды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу