Ресей шетелдік компаниялардан жалға алған 400 ұшақты қайтарудан бас тартып отыр

894

Батыс компаниялары лизингке берілген 515 ұшақтың тек 80-ін ғана қайтарған.

Ресей шетелдік компаниялардан жалға алған 400 ұшақты қайтарудан бас тартып отыр

Ресейдің әуе компаниялары Батыс елдерінің компанияларынан жалға алған 400-ден астам ұшақты қайтарудан бас тартып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Washington Post агенттігіне сілтеме жасап. 

Cirium провайдерінің дерегі бойынша, РФ іс-әрекеттерінің салдарынан лизингтік компаниялар 10 млрд долларға сақтандыру арызын өткізген. Батыс компаниялары лизингке берілген 515 ұшақтың тек 80-ін ғана қайтарған. 

"Украина аумағында соғыс қимылдары басталған кезде Ресейдің коммерциялық флотындағы 968 ұшақтың 515-і шетелдік лизингтік компанияларға тиесілі болды", – деді Cirium консалтингтік компаниясының басшысы Роб Моррис.

Санкциялар бойынша, Батыс компаниялары Ресей Федерациясымен арадағы барлық жалдау шарттарын бұзып, ұшақтарды қайтарып алуы тиіс. Сонымен қатар Ресейгеәуе кемелерін, қосалқы бөлшектерді, бағдарламалық жасақтаманы сатуға және тіпті ресейлік жабдықтарға қызмет көрсетуге тыйым салынады. Бірақ бұған қарамастан лизингтік компаниялар әлі күнге дейін өз ұшақтарын қайтара алмай отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу