2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей федерациясына кіретін шетелдіктердің уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.
Ресейге визасыз режимде кіретін шетелдіктердің уақытша болуының рұқсат етілген мерзімі өзгертілді.
"Шетелдіктердің Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнге дейін қысқартылды. Бұрын олардың Ресей аумағында болу уақыты 180 күн ішінде 90 күннен аспауы тиіс еді. Ресей Федерациясының аумағында оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар жылына 90 күннен астам уақыт бола алады", – делінген хабарламада.