Ресей Сібірде ауқымды әскери жаттығу жүргізіп жатыр

1297

Ресей Сібірде ауқымды әскери жаттығу жүргізіп жатыр

Ресейдің Орталық әскери округінде ауқымды әскери жаттығу басталды. Батыс және Оңтүстік Сібір округтеріндегі 20 мыңнан астам әскери қызметкер дабыл белгісімен сапқа тұрғызылды. Бұл туралы округ қолбасшылығының ресми өкілі Ярослав Рощупкинге сілтеме жасап РИА "Новости" агенттігі хабарлады.

Рощупкиннің сөзіне қарағанда, бес күнге жалғасатын жаттығуға мотоатқыштар, танк және артиллериялық бөлімшелер, Толмачев әуе базасының экипаждары, С-300 және С-400 зенит-зымыран кешендерінің дивизиондары, арнайы мақсаттағы отрядтар қатысады.

Өткен сенбіде Мысырда "Достықты қорғаушылар-2016" деп аталатын террорға қарсы ресей-мысыр біріккен жаттығуы басталған. Жаттығуда бір мезетте 300 десант түсіру жоспарланған. 

Қыркүйектің алғашқы жартысында Ресей армиясында "Кавказ-2016" деп аталатын стратегиялық командалық-штабтық жаттығуы өткен. Оған 12 мыңнан астам әскери қызметкер қатыстырылған. Жаттығу Оңтүстік әскери округтің әскери дайындығын жапай тексеруден бес күннен соң басталған.

25 тамызда Ресей президенті Владимир Путин қарулы күштердің әскери дайындығы аяқ астынан тексерілетінін мәлімдеген. Тексеру Оңтүстік, Батыс және Орталық әскери округтерінде және Солтүстік флотта, әскери-ғарыш күштерінде және әуе-десанты күштерін қамтиды.

Azattyq.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу