Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Владимир Путиннің жарлығымен гуманитарлық көмек ақпандағы зілзаладан жапа шеккен халыққа жеткізіледі. Мәскеудің Жуковский әуежайынан шығатын борт күн сайын сирияның Латакия қаласына 10 рейс жасамақ. Ұшақ бортында киім-кешек пен азық-түлік бар екен.
Айта кетейік, ақпанның 6-сы күні Түркия мен Сирия аумағында 7 баллдық жер сілкінісі болып, 50 мыңнан аса адам қаза тапқан. Сол кезде Түркияға әлемнің барлық мемлекеті көмек қолын созса, Сирияға қолдау ұсынғандар санаулы ғана еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу