Ресей соғысты тоқтатуға дайын болса, Украина келіссөзді жалғастырады – Зеленский

963

АҚШ Киев пен Мәскеу арасындағы дипломатиялық келіссөздер жақын арада өтпейді деген пікірде. 

Ресей соғысты тоқтатуға дайын болса, Украина келіссөзді жалғастырады  – Зеленский

Егер Ресей соғысты тоқтатуға дайын болса, Украина келіссөз үстеліне отырады. Владимир Зеленский осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Біздің ешқандай нәтиже бермейтін келіссөздерге уақытымыз жоқ. Не істеп жатқанымызды нақты білеміз. Бізде ешқандай күмән жоқ. Екінші тарап соғысты тоқтатуға дайын болған жағдайда ғана келіссөздерді жалғастырамыз", – деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Украина мен Ресей Федерациясы келіссөздер үстеліне отыратынын, бірақ Ресейдің шарттарына үстемдік берілмейтінін айтты. 

"Олардың "дәл қазір Украинаны мәжбүрлеуге болады" деген ойы бар сияқты. Еуропалық қоғамдастық пен элита арқылы бізді бүгін келіссөздерге мәжбүрлемек. Олар өздерін келіссөздерге дайынбыз деп есептейді", – деді Подоляк.

АҚШ Киев пен Мәскеу арасындағы дипломатиялық келіссөздер жақын арада өтпейді деген пікірде. Вашингтон Ресейдің оны адал жүргізетініне күмән келтіріп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу