Ресей спортшылары Халықаралық Олимпиада комитетін сотқа берді

930

Ресей спортшылары Халықаралық Олимпиада комитетін сотқа берді

2018 Ресей спортшылар сот 2018 жылы Пхенчханда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына бара алмай қалған ресейлік спортшылар Халықаралық Олимпиада комитетін (ХОК) сотқа берді, деп хабарлайды prosports.kz.

Ресейлік 32 атлет ХОК-ті сотқа беріп, сол арқылы Олимпиадаға жолдама алмақ. Себебі ХОК Ресей құрамасын толығымен Қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетіп тастаған болатын.

Бұл сотта ресейлік спортшылар азаматтық тұрғысында алалау, шешім шығаруда құқық бұзу, CAS шешімін орындамау, сондай-ақ кәсіпқой мансапқа, абыройға нұқсан келтіру секілді себептерді қарастырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу