Халықаралық Олимпиада комитеті ресейлік спортшыларды 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына жіберу туралы түпкілікті шешім қабылдады, деп хабарлайды деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Өз спорт түрлері бойынша іріктеуден өткен ресейлік спортшылар Олимпиадаға қатысуға жіберіледі. Олар ұлттық рәміздерсіз, жалпы Олимпиада туы мен әнұраны астында бейтарап мәртебеде өнер көрсетеді.
Еске салайық, 2022 жылы Украинада әскери қақтығыстың тұтануы аясында Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Бах халықаралық федерацияларға ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстардан шеттету туралы ұсыныс жасаған болатын.