Аталған шара су қоймасын босату және көктемгі су тасқынын қабылдауға дайындық үшін қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Су жіберудің бұл режимі 10 ақпанға дейін күшінде болады. Осыдан кейін мамандар гидрологиялық жағдайға қосымша талдау жүргізіп, одан әрі шешім қабылдайды.
Жайық өзенінің ағысы бойынша жоғарыда – Башқұртстан мен Челябі облыстарында күзде соңғы жылдардағы орташа көрсеткіштен екі есе көп жауын-шашын түскені атап өтілді. Бұл көктемдегі судың келу көлеміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін, 16 желтоқсанда Елек су қоймасы су жіберу көлемін екі есеге – секундына 30-дан 60 текше метрге дейін көбейткен болатын. Ол кезде судың келуі секундына шамамен 26 текше метрді құрады.