Ресей Суданға қақтығысты тоқтатуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

675

Ресей Суданға қазір басына түскен қиындықтарды еңсеруге және бейбітшілік жолына оралуға көмектесуге әрдайым дайын. 

Ресей Суданға қақтығысты тоқтатуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы сейсенбіде БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының Тұрақты өкілінің орынбасары Анна Евстигнеева аталмыш елдегі жағдай бойынша Дүниежүзілік ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресей Федерациясының достас Суданға қазір басына түскен қиындықтарды еңсеруге және бейбітшілік пен тұрақты даму жолына оралуға жәрдемдесуді жалғастыруға дайын екендігін растағымыз келеді", - деп атап өтті дипломат.

Ол сондай-ақ атысты тоқтату туралы келісімдер ондағы қарулы қақтығыстарды толығымен тоқтата алмағанын атап өтті.

"Демалыс күндері Судандағы соғыс қимылдарының қарқындылығының жалпы төмендеуіне ықпал еткен атысты тоқтату режимі туралы қол жеткізілген уағдаластықтар болғанымен, бірақ олар әскери іс-қимылдарды толығымен тоқтата алмады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу