Ресей "Талибанды" террористер тізімінен шығаруға қатысты мәлімдеме жасады

3280

Мәскеу БҰҰ-ның шешіміне сүйенеді. 

Ресей "Талибанды" террористер тізімінен шығаруға қатысты мәлімдеме жасады Фото: reuters.com

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі "Талибанды" (Ресейде тыйым салынған) террористік ұйымдар тізімінен шығару және Ауғанстанның жаңа билігін мойындауға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресейдің Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Олег Сыромолотовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Тәліптерді террористік ұйымдардың тізімінен шығару және Ауғанстанның жаңа билігін мойындауға асығып отырған жоқпыз. Шешім шығарарда Ауғанстанның жаңа билігінің нақты қадамдары және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сүйенеміз", – деді ол.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров босқындарды қабылдау бойынша Ресей Халықаралық гуманитарлық құқық міндеттемелерін ескеретінін айтқан болатын. Ол сондай-ақ ауған қақтығысының барлық тараптарын тезірек "жалпыұлттық диалог" жүргізуге үндеді. 

15 тамызда "Талибан" Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялаған еді. Қазір мемлекетті басқару міндеті уақытша кеңеске жүктелді, ол артынан бұл өкілеттікті тәліптерге тапсырады. Жаңа кеңестің құрамына ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла және бұрынғы президент Хамид Карзай енгізілді. Елдің қазіргі президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу