Ресей тәліптерге инклюзивті үкімет құруды ұсынды

752

Мәскеу жақын арада Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібереді.

Ресей тәліптерге инклюзивті үкімет құруды ұсынды

Ресей тәліптерге барлық саяси күштердің қатысуымен инклюзивті үкімет құруды ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұл туралы ведомство басшысы 20 қазанда "Талибан" өкілдерімен Мәскеу қаласында кездесу барысында айтты. 

"Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу мәселесі әлі де өзекті", – деді ол "Мәскеу форматы" келіссөзінің отырысында.  

Кездесуге өңірдегі он елдің ресми өкілдері және "Талибан делегациясы", оның ішінде Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасары Абдул Салам Ханафи қатысуда.

"Бұл жолы америкалық әріптестердің бұл шараға қатыспағаны өкінішті. АҚШ осымен екінші мәрте "Ресей, АҚШ, Қытай, Пәкістан" кездесуінен бас тартып отыр", – деді Лавров.

СІМ басшысы әлемдік қауымдастықты Ауғанстанға көмек көрсетуге үндеді. Оның айтуынша, Мәскеу жақын арада Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібереді.

Кездесуге өңірдегі он елдің ресми өкілдері (Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) және "Талибан делегациясы", оның ішінде Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасары Абдул Салам Ханафи қатысуда.

Табиғат Нұрболат

Фото: ТАСС

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу