Ресей тарапынан территориялық талаптар туындайды деп біз еш алаңдамаймыз – Тоқаев

426

Қазақстан Ресейге қатысты санкциялық режимді ұстанады.

Ресей тарапынан территориялық талаптар туындайды деп біз еш алаңдамаймыз – Тоқаев Фото: akorda.kz

Қазақстан Ресей тарапынан қандай да бір территориялық талаптар туындайды деп еш алаңдамайды. Берлинде Мемлекет басшысы Германия канцлері Олаф Шольцпен арада өткен келіссөздерден кейін осындай мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме үзінділерінің видеосы Telegram арналарда тарады.

"Қазақстан санкциялық режимді ұстанатынын бірден ашық айтты. Оны сақтау бойынша тиісті ұйымдармен байланыстамыз әрі осы режимді айналып өтуге бағытталған ықтимал іс-әрекеттерге қатысты қандай да бір қауіп болмауы керек деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара әлдеқашан делимитацияланған және айтарлықтай дәрежеде шегенделген, деп атап өтті Президент.

"Екі елдің парламенттері оны ратификациялап, мақұлдаған. Сондықтан Ресей тарапынан қандай да бір территориялық талаптар туындайды деп біз еш алаңдамаймыз", - деді Қазақстан Президенті.

Еске салайық, Германияға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу