Ресей тек достас елдерге азық-түлік жеткізеді – Дмитрий Медведев

3748

Ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты нақты қару-жарақ экспортынан асып түсті.

Ресей тек достас елдерге азық-түлік жеткізеді – Дмитрий Медведев

Батыстың жаңа санкцияларына байланысты Ресей 2014 жылдан бастап елге әкелуге тыйым салынған азық-түлік тауарларының тізімін кеңейте алады. Бұл туралы РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Ресей елі – Үндістан мен Қытай сияқты ірі астық өндірушісі және бидайдың ірі экспорттаушысы.

"Көптеген елдердің азық-түлік қауіпсіздігі біздің жеткізілімге тәуелді. Яғни біздің азық-түлігіміз – біздің қаруымыз", – деді Медведев.

Ол ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты нақты қару-жарақ экспортынан асып түскенін атап өтті.

"Біз азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімін біздің жауларымызға сатпаймыз. Біз олардан ештеңе сатып алмаймыз. Біз 2014 жылдан олардан ештеңе сатып алып отырған жоқпыз. Енді олардан бізге әкелуге тыйым салынған өнімдердің тізімін кеңейтуге болады", – деді ол.

Сонымен қатар саясаткер азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін тек достас елдерге жеткізуді ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу