"Ресей темір жолдары" бірқатар станцияда жүк тиеуге шектеу енгізді

839

"Ресей темір жолдары" ААҚ бірқатар станцияда жүкті тиеуге шектеу енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ресей темір жолдары" бірқатар станцияда жүк тиеуге шектеу енгізді

Компания дерегінше, шектеулер 18 мамырдан бастап енгізілген.

Қазақстандағы Сороковая станциясына жүкті тиеуге 16 шілдеге дейін, Красноярск т/ж Чунояр, Лесосибирск, Красноярск-Северный және Красноярск станцияларында шектеу – 27 мамырға дейін, Батыс Сібір т/ж Бийск станциясы және Батыс Сібір т/ж Любинская станциясына шектеу 1 маусымға дейін.

"Ресей темір жолдары" жекелеген жүк алушылардың вагондарды уақтылы қабылдауы мен түсіруін қамтамасыз ете алмауына байланысты оның ішінде клиенттердің өтініші бойынша жалпы қолданыстағы инфрақұрылымда жылжымалы құрамның тұрып қалуы мен жиналуын болдырмау үшін осындай шаралар қабылданды", деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу