"Ресей темір жолдары" елімізден астықты транзиттік тасымалдау құнын төмендетуді сұрайды

734

Ресей тарапы еліміз "бәсекелестік артықшылыққа" ие деп есептеп отыр. 

"Ресей темір жолдары" елімізден астықты транзиттік тасымалдау құнын төмендетуді сұрайды Фото: inbusiness.kz

"Ресей темір жолдары" Қазақстаннан астықты транзиттік тасымалдау құнын төмендетуді сұрайды, деп жазады inbusiness.kz  "Ведомости" сайтына сілтеме жасап. 
 
"Ресей темір жолдары" компаниясының баспасөз қызметі Ресейдің Омбы, Орынбор және Новосібір облыстарының басшылығымен бірлесіп, аталған сұрақ бойынша "Қазақстан темір жолдары" компаниясымен "диалог жүргізіп жатқанын" растады. Қыркүйек айында елімізге тарифті төмендету қажеттілігінің негіздемесі бар хат жолданған көрінеді. 

Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларында көрсетілгендей, оған мүше елдердің аумақтары бойынша транзиттік тасымалдаулар "ТМД-ның тарифтік саясатына сәйкес" жүзеге асырылады. Мұнда ставкалар темір жол бойынша ішкі тасымалдарға арналған тарифтерден қарағанда әлдеқайда жоғары көрінеді. Бұл мәселе 8 қараша күні "Ресей темір жолдары" менеджерлері мен "Единая Россия" депутаттарының жабық кездесуінде талқыланған. 

Ресей астық одағының вице-президенті Александр Корбуттың айтуынша, қазіргі жағдайда санкциялар салдарынан астықты жеткізуде қиындықтар туындағандықтан, өнімді Қазақстан арқылы тасымалдау тиімсіз. Ол "көрші республика ресейлік астықты қайта сатуға мүмкіндік беретін "бәсекелестік артықшылыққа" ие болады" деп есептейді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу