Себебі, біздің ел украиндерден көптеген өндірістік тауар сатып алады. Оны жеткізу кезінде шекара бекеттерінде мәселе туындамас үшін біздің үкімет арнайы хат жолдаған. Қазір тараптар құжат жобасын қарастырып жатыр. Ол 1 шілдеге дейін қабылдануға тиіс.
Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия импорттық баж салығын бөлу мәселесін де талқылауда. Себебі бұрынғы нормативтің уақыты жыл соңында бітеді. Ұйымға мүше елдер тарапынан түскен шағымдарға орай оны жаңаламаса болмайды. Мәселен, Беларусь салықтан түсетін табыстың 1 пайызы кем болғанын айтқан.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия Қытаймен байланысты күшейту туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Енді тараптар шекарадан өткізілген тауар және көлік саны туралы ақпарат алмасатын болады.