Сирияда оқ атуды тоқтату процесіне кепіл елдер Астанадағы келіссөздің үшінші кезеңіне қатысатындықтарын растады, шақырылған өзге тараптардың растауын күтудеміз, деп мәлім етті Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.
"Бүгін қатысуға (келіссөзге – ИФ-Қ) делегациялар келе бастайды", – деді дүйсенбі күні Астанада парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында Қайрат Әбдірахманов.
"Біз Ресей Федерациясынан ресми хабарлама алдық – РФ президентінің арнайы өкілі, РФ сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі қатысады. Түркия мен Иранның сыртқы істер орынбасарлары қатысатындығын мәлімдеді. Кездесудің өзге қатысушыларының растауын күтіп отырмыз", – деді мәлімдеді сыртқы істер министрі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу