Ресей, Түркия және Иран ДАИШ-пен бірлесіп күреспекші – дереккөз

875

Ресей, Түркия және Иран ДАИШ-пен бірлесіп күреспекші – дереккөз

Ресей, Түркия және Иран Астанада Сирия жөніндегі қорытынды құжатқа ДАИШ және "Джебхат ан-Нусра" ұйымдарымен бірлесіп күресу, сондай-ақ орынды орташа оппозиция мен лаңкестікті межелеуге ықпал ету ниетін бекітуді талқылап жатыр, деп хабарлайды түрік делегациясындағы дереккөзге сілтеме жасаған "Интерфакс".

"Біз Сирияда бітім орнатуға кепіл елдер ретінде  Астанадағы кездесудің қорытындысы бойынша  ДАИШ-пен және "Джебхат ан-Нусра"-мен күресуге ниетімізді растауға және оны қорытынды мәлімдемеде бекітуге тиіспіз", – деді әңгімелесуші агенттікке.

"Біздің алдымызда  бітімді қамтамасыз ету үшін оппозицияны ДАИШ пен "Джебхат ан-Нусра"-дан бөлу  міндеті тұр. Бұл мақсатты мәлімдемеге енгізбекшіміз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу