Ресей, Түркия және Иран халықаралық ұйымдарды Сирияға көмек көрсетуге шақырады

813

Елордада өткен Сирия бойынша келіссөздерде кепілдік беруші елдер халықаралық ұйымдарды Сирияға гуманитарлық көмектесуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ресей, Түркия және Иран халықаралық ұйымдарды Сирияға көмек көрсетуге шақырады  Фото: sputnik.kz

Ресей, Түркия және Иран коронавирус пандемиясы Сирияның денсаулық сақтау жүйесіне салдарын тигізгенін жеткізді. 

Кепілдік беруші елдер халықаралық құқық, халықаралық гуманитарлық құқықты және БҰҰ жарғысын бұзатын барлық біржақты санкцияны қабылдамайтынын атап өтті. 

"Кепілдік беруші елдер кедергілерді жойып, елдегі барлық сириялыққа кемсітушілік жасамай, саясатсыз және арнайы шарт қоймай, гуманитарлық көмек көрсетуді күшейту керегін жеткізді.... Олар халықаралық қоғамдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға қалпына келтіру және тұрақтылықты қамтамасыз ететін, оның ішінде базалық инфрақұрылым нысандарын - су, электрмен жабдықтау нысандарын, мектептерді, ауруханаларды қалпына келтіру арқылы көмек көрсету, әрі заң шеңберінде халықаралық гуманитарлық жұмыстарды жандандыруға шақырды", - деп жазылған құжатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу