Ресей үкіметі 7 мамырда отставкаға кетеді

422

Михаил Мишустин бастаған Ресей үкіметі бүгін отставкаға кетеді. 

Ресей үкіметі 7 мамырда отставкаға кетеді Фото: РБК

Ресей президенті Владимир Путиннің инаугурациясынан кейін бірден қазіргі министрлер кабинеті қызметке кіріскен мемлекет басшысының алдында өкілеттігін тоқтатады, деп жазады inbusiness.kz.

Владимир Путин бүгін бесінші рет Ресей президенті қызметіне кіріседі. Салтанатты рәсім Кремльде түсте өтеді.

Президентті ұлықтау — Мемлекет басшысы қызметіне кірісудің салтанатты рәсімі. "Инаугурация" сөзі латынның inaugure  - "арнау" сөзінен шыққан. 2000 жылы 47 жастағы Путинге ресейліктердің 52,94%-ы, 2004 жылы — 71,31%, 2012 жылы — 63,6%, 2018 жылы — 76,7% дауыс берсе, биылғы наурыздағы сайлауда Ресейдің 71 жастағы екінші және төртінші президенті сайлаушылардың рекордтық дауысын  жинады — 87,28%.

Мишустин Үкіметі 2020 жылдың 21 қаңтарында Дмитрий Медведев басқарған бұрынғы министрлер кабинеті отставкаға кеткеннен кейін бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу