Ресей үкіметінің премьер-министрі тағайындалды

788

Ресей үкіметінің премьер-министрі тағайындалды

Дмитрий Медведев Ресей Федерациясының премьер-министрі болып сайланды. Оның кандидатурасын мемлекеттік дума қолдады, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтемемен ҚазАқпарат.

Дума отырысында 430 депутаттың 374-і оны жақтап дауыс берсе, 56-сы қарсы болған. Қалыс қалғандар жоқ.

Кейін Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевті РФ үкіметінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Еске сала кетейік, кеше Владимир Путин Үлкен Кремль сарайындағы Андреев залында мемлекет басшысы қызметіне төртінші рет сайлана отырып, Ресей халқына ант берген болатын.  

Сондай-ақ, Владимир Путин мемлекеттік думаға премьер-министр лауазымына Медведевтің кандидатурасын ұсынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу