Ресей Украина арқылы газ тасымалдауды тоқтатты

352

Бұған тиісті келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуы себеп болған. 

Ресей Украина арқылы газ тасымалдауды тоқтатты Фото: РБК

Ресейлік "Газпром" компаниясы Украина аумағы арқылы транзит үшін газ берудің техникалық және заңды мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 1 қаңтарында 2019 жылы қол қойылған құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған көрінеді. Бұл – Ресей газын Украина аумағы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты келісім.

"Украина осы келісімді ұзартудан бірнеше рет бас тартты.  "Газпром" 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украина аумағы арқылы транзит үшін газ берудің техникалық және заңды мүмкіндігінен айырылды. Мәскеу уақытымен сағат 08:00-ден бастап Украина аумағы арқылы ресейлік газдың транзиті тоқтады",  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу