Ресей Украина бойынша келіссөздерге ашық – Путин

2168

Путин Си Цзиньпинге Ресейдің Украина бойынша келіссөздерге ашық екенін айтты.  

Ресей Украина бойынша келіссөздерге ашық – Путин Фото: РБК

Ресей Президенті  ҚХР-ның бейбіт жолмен реттеу туралы идеяларымен танысып, жанжалдан шығудың жолын іздеу әрекетін құрметтейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша, келіссөздер мүмкіндігі Киевтің "шындықтарды" есепке алуға дайындығына байланысты болмақ.

Ресей билігі Қытайдың Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу идеяларын зерттеді, деді президент Владимир Путин мемлекеттік сапармен жүрген Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде. Путин Ресейдің Украинамен келіссөздер процесіне ашық екенін айтты.

"Біз сіздің Украинадағы дағдарысты реттеу бойынша ұсыныстарыңызды мұқият зерделедік. Әрине, бұл мәселелерді талқылауға мүмкіндігіміз болады. Сіз әділеттілік пен халықаралық құқықтың негізгі ережелерін сақтау және барлық елдер үшін бөлінбейтін қауіпсіздік қағидаттарынан ұстанатыныңызды білеміз", - деді Путин.

Қытай басшысының сапары қарсаңында Ресей президенті Қытайдың "Жэньминь рибао" газетінде Бейжің мен Мәскеудің қарым-қатынасы туралы мақала жариялады. Онда ол Украина мәселесіне де тоқталды.

Сондай-ақ, Путин Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталғаннан кейінгі бейбіт келіссөздерді Ресей тарапы тоқтатпағанын айтты. Мәскеу мен Киев өкілдері Стамбұлда соңғы рет бір жыл бұрын кездесті.

Украина президенті Владимир Зеленский Қытайдың ұсыныстарын бағалай отырып, аталған тармақтарда "жоспар" жоқ екенін мәлімдеді. Кейбір ережелер Украина үшін қолайлы, ал ережелермен келіспейтіндігін айтты. Сондай-ақ, Зеленский Украина аумағынан ресейлік әскерлерді шығару шартын қамтымаса, реттеу жоспары жүзеге аспайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу