Ресей Украина ІІМ бұрынғы басшысы Аваковқа іздеу жариялады

200

Ресей Федерациясы ІІМ картотекасында Украинаның бұрынғы Ішкі істер министрі қандай бап бойынша іздестіріліп жатқандығы көрсетілмеген.  

Ресей Украина ІІМ бұрынғы басшысы Аваковқа іздеу жариялады Фото: BBC

Ресей ІІМ Украинаның бұрынғы Ішкі істер министрі Арсен Аваковты іздестіру туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты ведомствоның мәліметтер базасындағы ақпаратқа сүйеніп.

Карточкада ІІМ 1964 жылы 2 қаңтарда Бакуде дүниеге келген ұлты бойынша армян Арсен Борисович Аваковты іздейді делінген. Алайда базада бұрын Росфинмониторингпен "террористер" және "экстремистер" тізіміне енгізілген Аваковтың Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іздестірілгені нақтыланбайды.

Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті Аваковқа қарсы 2018 жылғы Ресей президентінің сайлауында азаматтардың дауыс беруіне кедергі жасау туралы қылмыстық іс қозғаған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, Аваков белгілі бір адамдар тобымен сөз байласып, Министрлік қызметкерлеріне Киев, Львов, Одесса мен Харьковтағы ресейлік дипломатиялық мекемелердегі ресейліктерді сайлау учаскелеріне жібермеуді тапсырды.

Арсен Аваков 2014-2021 жылдары Президенттер Петр Порошенко (2014-2019) мен Владимир Зеленскийдің тұсында Украина ІІМ басшысы қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары ол Жоғарғы раданың депутаты болды, ал 2005 жылдан 2010 жылға дейін Харьков облыстық әкімшілігін басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу