Ресей мен Украина шиеленісі: Әлемде азық-түлік қымбаттап, кедей елдердегі халық наразылық танытуы мүмкін

1161

Бұл туралы The Guardian басылымына берген сұхбатында Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ресей мен Украина шиеленісі: Әлемде азық-түлік қымбаттап, кедей елдердегі халық наразылық танытуы мүмкін

"Менің ойымша, бұл мәселені бізді алаңдатуы керек. Азық-түлік бағасы көтеріліп, биыл және келесі жылы айтарлықтай ашаршылық болуы мүмкін. Азық-түлік пен энергия әлемдегі кедей адамдар жиі тұтынатын екі тауар болып саналады", – деді Нгози Оконджо-Ивеала.

"Кедей елдер мен ондағы кедей адамдар көп зардап шегеді", – деді Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры. 

Сондай-ақ ол Африкадағы 35 мемлекет Қара теңіз аймағынан әкелінетін азық-түлікке тәуелді екенін атап өтіп, Ресей мен Украина әлемдегі бидайдың 24%-ын жеткізіп отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу